ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП

Жоғарғы сыныпта оқушылар ары қарай білім алуды жалғастыруға қажетті негізгі білім, білік, дағдыларының қалыптасуы аяқталады. Кейбір қосымша білім беру бағдарламасын оқып, жаңа форматтағы ҰБТ тапсыруға дайындалады.

Негізгі орта және жоғарғы сыныптарда білім беру үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (ҚР МЖМБС-2012); негізгі орта білім берудің және типтік оқу жоспарлары; жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарлары; оқу басылымдары арқылы жүзеге асырылады.