НАУРЫЗ - ЖАҢА ЖЫЛ ЖӘНЕ ЖАҢАРУ мерекесі

НАУРЫЗ - ЖАҢА ЖЫЛ ЖӘНЕ ЖАҢАРУ мерекесі

Сәуір айында мектебімізде  Наурыз мерекесіне арналған іс-шара өтті.

Наурыз мейрамы – Қазақстандағы және басқа да елдерде көктемгі жаңару мерекесі.мереке күн мен түннің теңелуі ретінде аталып өтіледі.  Бұл мереке -көктемгі жаңарудың, махаббат, молшылық пен достықтың символы. Наурыз - жаңа жылдың басы, көктемнің келуі, жер бетіндегі барлық өмірдің қайта туылған күні.
Мерекеге орай, мектеп оқушылары салтанатты киім киіп, мерекелік тағамдар дайындайды, бірін-бірі құттықтайды және келе жатқан  жылда береке, бірлік тілейді.

Оқушылар ұсынған тағамдарға, киген костюмдеріне шынайы баға беру үшін мектеп директоры Канева Щамщия Захаровнаның жетекшілігімен комиссия құрылды.

Бұл мереке қатысушы ересектер мен  бүлдіршіндерге  үлкен қуаныш пен шаттық әкелді.
Мерекеге қатысушылардың бәріне түрлі номинация бойынша іс-шараға белсене қатысқаны үшін грамоталар тапсырылды.  

Элемент не найден!

WhatsApp