ДӘСТҮРЛІ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ

ДӘСТҮРЛІ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ

Жыл сайын аталған іс-шара жасалады, біз сенбілік өткіземіз, бұл да мектептің дәстүріне айналды. Көктем, қар еріді, күн жылына бастады... бәрінің көңіл-күйі керемет және туған мектебіміздің аумағын ретке келтірсек деген ниетіміз бар. Ересектер кішілерге үлгі көрсетеді, олардың өміріне қажет болатын дағдыларды қалыптастыра отырып, еңбекке баулиды. Біздің балалар қандай қызығушылықпен сыпырып, ескі жапырақтарды жинап, жылынған жерге жаңа өскіндерді отырғызып жатқаны көрініп тұр... Оқушылар өз қолдарымен отырғызған көшеттерінің қалай өсіп, жетіліп келе жатқандығын қуана бақылайды. Бақылаудың, зерттеудің нәтижесінде алған білімдері оларға дүниетану және жаратылыстану сабақтарында керек болады.

Элемент не найден!

WhatsApp